Салдарынан 5 бағыттағы жолаушы пойызы өз уақытынан кешігіп жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA «ҚТЖ» ҰК »АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Апат 31-шілде күні, сағат 08.05- те жүк пойызы Мойынты – Шығанақ учаскесінде «Қашқантеңіз — Жастар» бағытында болған. Жүк вагондары рельстен шығып кетіп, аударылған.
Қазір, 5 бірдей жолаушы пойызы жолдың қалыпқа келтірілуін күтіп тұр. «Астана-Сарыағаш» пойызының жолаушылары сапарларын жалғастыра алмай отыр. Олардың айтуынша, пойыз вагондарының шығып кету салдарын жойғанға дейін шамамен бес сағат күтуге тура келеді.
Апаттың алғашқы болжамды себебі, 28 – вагонның бүйірлік рамасының үзілуі болған. Шу және Сарышаған станцияларының қалпына келтіру пойыздары мен бригадалары апат болған аумақта жұмыс істеуде. Астана уақытымен сағат 18.00 – де қозғалыс қалпына келтіріледі. Жарақат алғандар жоқ.
ҚТЖ – ның айтуынша, барлық келтірілген шығын жүк пойызының иесінен талап етіледі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ – да бұл істі тергеу үшін арнайы комиссия құрылды», — деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Дереккөз: tengrinews.kz