Жамбыл облысында дала өрті өршіді

0 4

Жамбыл облысында ауқымды дала өрті тіркелді. Қызыл жалын Жуалы ауданының құмды аймағында өршіген. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша 2 мың гектардан астам жайылым жер жанып кеткен. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 78 адам, 16 техника жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер отты 2 күн ішінде ауыздықтады. Өрттің қалай шыққаны әлі белгісіз.

Кеңесбек Әбдірайымов, Жуалы аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

— Құмды жер болған соң ол жерде ешқандай егістік жоқ, бәрі мал жайылымдар. Бұл жер елдімекеннен алшақ орналасқан. Өрт ошағына дейін таза құммен 100 километрдің үстіндегі жолды жүріп өту керек. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Жануарлар және табиғаттың қаншауы жойылғаны анықталуда, -деді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.