Таразда қарттарға құрмет көрсетілді

0 1

Бүгін Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен «Қайнар» кафесінде «1 қазан -Халықаралық қарттар күніне» орай мерекелік іс-шара өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

Мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Шара барысында қарттарға арнайы мерекелік дастархан жайылды. Ерекше көңіл-күй сыйлау мақсатында қариялардың құрметіне ән шырқалып, құттықтаулар айтылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек қайраткері, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіровтің атынан ардагерлерге арнайы азық-түлік себетін табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.