«Jambyl TV» телеарнасына 29 жыл толды

0 1

1 қарашада Әулиеата жұртшылығына хабар таратып келе жатқан «JAMBYL TV» арнасына 29 жыл толды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазіргі таңда “Jambyl” арнасы тәулігіне 17 сағат эфирге шығады. Оның 60% телеарнаның өнімі. Аптасына 30-дан аса телебағдарлама және күн сайын “Жаңалықтар қызметі” 3 мәрте тікелей эфирге шығып отырады. Ал, Жамбыл радиосы күн сайын FM100.8 жиілігінде 16:00-18:00 аралығында 2 сағат хабар таратады.

Телеарна шаңырақ көтергеніне алты күн толысымен, орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен тікелей хабар жүргізді. Ол жазылып алынып, кейін көрермен назарына қайталап ұсынылды.

Сонымен қатар облыстық теледидардың тұңғыш көрсетілімінде Свердлов ауданы «Трудовой пахарь» ұжымшарындағы еңбекшілерге жасалып отырған қамқорлық жайлы хабар, Жамбыл қаласындағы балалар бақшасынан, ЮНЕСКО экспедициясының облысымыздағы сапарынан репортаж, даңқты құрылысшы, Социалистік Еңбек Ері комитетінің І хатшысы, КСРО Компартиясы облыстық С.М. Байжановпен сұхбат және басқа да материалдар берілді.

Айта кетейік, көрермен сұранысын ескерген телеарна қысқа бейнероликтік жобалар дайындап, 2019 жылдан бастап толықтай цифрлы жүйеде хабар таратуға көшеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.