Жамбыл облысында қазан айында инфляция деңгейі 0,5% құрады

0 2

2018 жылғы қазанда Жамбыл облысы бойынша инфляция деңгейі 0,5% құрады. Бұл туралы  «ZhambylNews» АА Жамбыл облысы статистика департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ағымдағы жылдың қазанында азық-түлік емес тауарларының бағасы 0,9%-ға, ақылы қызметтер тарифтері 0,4%-ға, азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға жоғарлады.

Сондай-ақ, қант бағасының 5,7%-ға, жұмыртқа 3,6%-ға, балық және теңіз өнімдері, май және тоңмай 2,4%-дан, күріш, темекі өнімдері 1,2%-дан, ет және құс еті, шұжық, ет өнімдері 0,8%-дан, сүт өнімдері 0,5%-ға, ұн 0,2%-ға жоғарлағаны тіркелді.

Ал жаңа жиналған көкөністердің бағасы 9,2%-ға, жаңа жиналған жемістер 3%-ға, картоп 2,9%-ға, жармалар 1%-ға төмендегені байқалды.

Сонымен қатар, киім тігуге арналған материалдар бағасы деңгейінің өсімі 4,1%-ды, тұрмыстық тоқыма бұйымдар 3,5%-ды, аяқкиім 2,4%-ды, тұрмыстық аспаптар 1,6%-ды, басқа санаттарға жатпайтын жеке күтім заттары 1,3%-ды, фармацевтикалық өнімдер, дыбыс-бейне шолу жабдығы мен фотоаппаратура, ақпаратты өңдеуге арналған жабдық 1%-ды, киім 0,9%-ды, жуғыш және тазалағыш құралдар 0,6%-ды, кітаптар, газеттер және журналдар 0,5%-ды, кеңсе тауарлары мен сызу құралдары 0,2%-ды құрады.

Тағы айта кетерлігі, тас көмір 2,5%-ға, дизельдік отын 0,7%-ға қымбаттады, бензин 0,9%-ға арзандады. Интернет желісіне шығу үшін абоненттік төлем бағасының деңгейі 9,5%-ға, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамалар 4,9%-ға өсті. Ал жолаушылар әуе көлігінде жүру 4,8%-ға қымбаттады, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі 0,3%-ға арзандаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.