Сарысуда «Шәкіртіммен мақтанамын» атты аудандық өнер байқауы өткізілді

0 22

Сарысуда аудан әкімдігі балалар — жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен «Шәкіртіммен мақтанамын» атты аудандық өнер байқауы өткізілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Байқауда вокал, аспапта ойнау және хореография бағыттары бойынша ұстаз бен шәкірт бірге өнерлерін ортаға салды. Іс-шараға аудан мектептерінен 30 үміткер қатысып, бақтарын сынады.

Әділ қазы алқаларының төрағасы Қазақстан, Қырғызстан халықтар одағының мүшесі, танымал айтыскер ақын Алик Бекмұсаев, аудандық мәдениет үйінің әншісі Жадыра Дәукенова, балалар-жасөспірімдер орталығының директоры Серік Саражанов әділ шешімін шығарып, оң бағаларын берді.

Сайыстың нәтижесінде, вокал номинациясы бойынша Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының ұстазы Аян Әлібековтың оқушысы Дильназ Мырзабек, Жайылма өнер мектебінен келген Мырзакүл Ерденбекованың шәкірті Аңсаған Берік аспапта ойнау номинациясы бойынша және М. Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының оқытушысы Айгерім Нұртаева мен Аружан Кеңесбекова хореография номинациясы бойынша бас жүлделермен марапатталды.

Айта кетейік, бас жүлде алған жеңімпаздар 16 қараша күні өтетін облыстық байқауға жолдама алды. Жүзден жүйрік атанған жеңімпаздар Алғыс хатпен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.