Таразда жазушы-драматург Болат Бекжановтың алты томдық кітабының тұсауы кесілді

0 0

Бүгін Жамбыл облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, театр директоры, ақын, жазушы-драматург Болат Бекжановтың алты томдық кітабының тұсауы кесілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шарада автордың «Болмайды ғой», «Редактордың қойын дәптері», «Өмір драма», «Сахнадан сыр айтамын», «Құс жолынан сыр төктім», «Көз көргендер» атты алты томдық кітаптары ұсынылды.

Кітаптың тұсауын Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Бауыржан Жақып, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор, Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы «Абайтану» ғылыми орталығының директоры Жанғара Дәлдебаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шешенстан республикасының «Намыс» орденінің иегері, ақын Рафаэль Ниязбеков, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Айша Көпжасарова, автордың алты томдық кітабының демеушісі, Алматы «Нұрлы Әлем» баспасының директоры, компазитор Жарылқасын Дәулет кесті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.