Таразда «Мектепке кітап сыйла» акциясы өтті

0 38

Тараз қаласында «Мектепке кітап сыйла» акциясы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыруға бағытталған шара 14 – ші қарашаға дейін жалғаспақ. Бірінші күннен – ақ, жан – жақтан жиналған кітап қоры әр түрлі жанрда.

Зәуре Байжігіт, №3 мектеп – гимназиясының кітапханашысы:

— Бізге келіп түскен кітаптар саны 3600-ге жетті. №3 мектеп-лицейінің оқушыларының кітапқа, мектепке деген қызығушылығы өте жоғары. Оқырмандарымыздың кітапқа деген қызығушылығының арқасында бүгінде кітапханаға көп кітап сыйға тартуда.

Акцияға білім беру ошақтарының өкілдері, белсенді қоғам азаматтары қатысты. Сондай-ақ, Жазушылар Одағының мүшесі, сатирик – ақын,облыстық Жамбыл радиосының аға редакторы осы кештің сыйлы қонағы болды.

Бақытжан Советұлы, сатирик – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі:

— Жалпы ХХІ ғасыр компьютер заманы. Сондықтан балалар кітап оқымайды деген жансақ пікір қалыптасқан. Мен оған келіспеймін. Олардың ішінде де кітапқа құмар балалар да жетерлік деп ойлаймын. Бүгінгі акцияға ақиық ақын, балалардың классик ақыны Совет Әлімқұлов әкемнің «Көзмоншақ» атты кітабы мен өзімнің соңғы кезде жарыққа шыққан «Бұл мен ғой» атты сатиралық кітабымды әкеліп отырмын.

Акцияда меймандар назарына мектеп оқушылары театрландырылған қойылым ұсынды.

Дереккөз: jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.