«Тараз-Аренада» бір күнде 2500 спортшы жаттыға алады

0 7

«Тараз-Арена» спорт сарайында бір күнде 2500 спортшы жаттыға алады. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте ШЖҚ МКК «Тараз-Арена» спорт сарайының директоры Нұрлан Саурықов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Тараз-Арена» спорт сарайының құрылысы 2011 жылдың 30 мамырында басталған. Құрылысқа жалпы құны 5 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалып, спорт сарайы 2013 жылдың қыркүйек айында халық игілігіне пайдалануға берілді. Ал, жер телімінің көлемі – 8 гектарға жуық, спорт сарайының жалпы көлемі – 25144 м2, спорт алаңшаларының ауданы – 17709 м2.

Жалпы, 12 спорт зал, медициналық арнайы кабинет жұмыс жасайды(әмбебап зал, кіші спорт зал, ауыр атлетика залы, тренажер залы, бокс залы, грек-рим және еркін күрес залы, үстел теннисі залы, таеквондо залы, дзюдо залы, спорттық би залы, тир, жүзу бассейні).

Спорт кешенінің бес ауысымдағы өткізу қаблеттілігі, сыртқы алаңдарды қосқанда 15 спорт түрімен 2500-ға тарта спортшы бір күнде спортпен шұғылдануға мүмкіндік алады.

Спорт сарайының меншік иесі «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болса, басқарып отырған мекеме «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Сондай-ақ министрдің бұйрығына сай мектеп оқушылары, орта және жоғарғы оқу орнының студенттері, барлық санаттағы зейнеткерлер спорт сарайы спорттық жайларының баға құнын 50 пайыздық жеңілдіктер арқылы пайдаланады.

Ал, жалпы тұрғындарға «Тараз-Арена» спорт сарайы ұжымы тарапынан қаңтар айында тренажер залы мен бассейннің жылдық абонменттеріне ал, маусым айында жартыжылдық абонементтерге 50 пайыздық жеңілдік жасалады. Білім, медицина, спорт саласының қызметкерлеріне жылдың кез келген уақытында жұмыс орнынан анықтама алып келген жағдайда, жартыжылдық, жылдық абонменттерге 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Айта кетейік, облыстық спорт басқармасына қарасты 12 спорттық мекемесінің спортшылары «Тараз-Арена» спорт сарайының спорттық жайларында спорттың түрлерімен тегін айналысады. Әмбебап залы мен кіші спорт залын жыл басынан 20-ға жуық түрлі мекемелер (әр айда өзгеріп отырады) спорттың кіші футбол, волейбол түрлерімен айналысу үшін ақылы түрде пайдаланады. Бұл негізінен спорт сарайының қыс маусымындағы табыс көзі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.