Байзақ ауданы әкімі көпбалалы аналарды марапаттады

0 0

Байзақ ауданы әкімі Рахматілдә Рахманбердиев көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» табыс етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпарттық Агенттігі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 765 Жарлығымен қостөбелік Наргиз Бешли-оглы, кеңестік Жанар Келімбетова, сарыкемерлік Тұрсынай Курбанбаева “Алтын алқа”, тегістіктік Айнабат Джумаева мен түймекенттік Еркиной Еспулатова «Күміс алқа» төсбелгісіне ие болды.

Аудан басшысы бір қолымен бесігін, екінші қолымен әлемді тербеткен анаға деген құрмет ешуақытта толастамайтындығын айта келе, қазіргі таңда әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, ел дамуына үлес қосып отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Рахматілдә Сегізбайұлы мемлекет тарапынан ана мен бала денсаулығын жақсарту, оларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қолға алынып жатқан жұмыстарға тоқтала келе, көпбалалы аналарды марапатымен құттықтап, мықты денсаулық, қажымас қайрат тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.