Мұхтар Әблязовқа қатысты сот тергеуі аяқталды

0 0

Мұхтар Әблязовқа қатысты тергеу аяқталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

— Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты (1997 жылғы мәтіндегі) Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 28-бабының 3-бөлігінің — 96-бабының 2-бөлігінің «ж, з» тармақтарымен (адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы және пайда табу мақсатымен, сол сияқты жалданып басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтiруді, яғни адам өлтіруді ұйымдастыру), айыпталып сотқа берілген Мухтар Кабулович Әблязовке қатысты қылмыстық ісі бойынша 15 қараша 2018 жылы сот тергеуі аяқталғанын хабарлайды, – делінген жазбада. 

Сот отырысына қатысушыларға сот жарыссөзіне дайындалуы үшін 22 қараша 2018 жылы сағат 10.30-ға дейін уақыт берілді.

Сотталушы Мухтар Кабулович Әблязовқа ҚР ҚПК-нің 383, 384-баптарына сәйкес, сот жарыссөзіне қатысуға, сонымен бірге соңғы сөзін сөйлеуге құқылы екендігі, сол үшін оған Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай көшесі 143 «А» мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына белгіленген уақытта келу қажеттігі түсіндіріледі.

Бас прокуратураның мәліметінше, Мұхтар Әблязов 2004 жылы Мұратхан Тоқмәдиді «Банк ТұранӘлемә АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіру үшін жалдаған.

— 2004 жылдың 19 желтоқсанында Тоқмәди Әблязовтың айтуымен Жамбыл облысы Қордай ауданына аңға шыққан кезде аңшы мылтығымен Тәтішевті атып өлтірген. Бұдан кейін Әблязов аталған банкті басқарып, директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, – делінген ақпаратта. 

2018 жылдың қыркүйегінде «Банк ТұранӘлем» басшысы Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты тергеу аяқталды. Тергеу нәтижесі бойынша кісі өлтіруге Мұхтар Әблязовтың тапсырыс бергені анықталды.

ҚР Бас прокуратурасы Әблязовты бірнеше рет тергеуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.