2019 жылы Рамазан айы мен Құрбан айт қашан басталатыны белгілі болды

0 3

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылғы діни мереке күндерінің кестесін жариялады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Келер жылы мұсылман қауым үшін 9 ерекше күн бар. Алғашқысы — сәуір айының 2-сі мен 3-не түсіп тұрған Миғраж түні. Бұл түні Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) Меккедегі әл-Харам мешітінен Иерусалимдегі әл-Ақша мешітіне бір сәтте исра жасады. Исра дегеніміз араб тілінен аударғанда «түнгі сапар» деген мағынаны білдіреді. Одан жет қат көк — Миғражға көтеріліп, дүниеден өткен барлық пайғамбармен, үнемі құлшылық жасайтын періштелермен кездесті.

Сондай-ақ, хадистерде Жаратушының түрлі белгі-аяттарын көріп, онымен тілдескені туралы жазылған. Осы түні мұсылман қауымға түнде бес уақыт намаз оқу парыз етілген.

Бұдан кейін 19-20 сәуір күні Бараат түні мерекесі келеді. Ал мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні, дүйсенбіде басталады.
Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. Артынша 4 маусым күні Ораза айт басталады.

Арапа 10 тамызға белгіленсе, Құрбан айт 11-13 тамыз күндері өтеді. Сондай-ақ, 9 қыркүйек — Ашура күні, 8-9 қараша — жер бетіндегі барша мұсылман Мәуліт түні мерекесін қарсы алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.