Мәскеуде — Трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей комиссиясының бірінші отырысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews»Ақпараттық Агенттігі ҚР Энергетике министрлігіне сілтеме жасап.
15-16 қарашада өткен отырысқа ҚР Энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай мен Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрінің орынбасары Керимов Мурад төрағалық етті.
Бұл отырыс 2016 жылғы 5 қазанда Астана қаласында Өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастық форумы шеңберінде қол қойылған «ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы трансшекаралық Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі келісімді» іске асыру аясында өткізілді. Отырысқа екі елдің мүдделі министрліктерінің, мекемелеріңің және қоғамдық өкілдерінің, сонымен қатар ғалымдар мен депутаттар қатысты.
«Тараптар, Жайық өзені бассейнінің экожүйесінің қазіргі және кейінгі жай-күйін жетілдіру перспективаларын талқылады, сонымен бірге талқыланып жатқан Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау мәселесі Қазақстан мен Ресей үшін ғана емес, сондай-ақ барлық Еуразия аймағы үшін маңызды. Отырыс нәтижелері бойынша хаттамаға қол қойылып, «Жайық өзені бассейнінің экожүйесін жақсарту және трансшекаралық ластануын болдырмау жөніндегі» іс-шаралар жоспары қабылданды», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, тараптар комиссиясының келесі отырысын 2019 жылы Қазақстанда өткізуге келісті.
Еске сала кетсек, Атырау облысында 30-40 мың халықтың емін-еркін араласуына жол ашатын Жайық өзенінің үстінен өтетін аспалы көпір желтоқсан айында іске қосылады.