Тараз қаласында «Адал жол» марафон-эстафетасының аясында автошеру жүргізілді (ФОТО)

0 0

Бүгін Тараз қаласы орталық «Достық» алаңынан ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін «Адал жол» марафон-эстафетасының аясында автошеру ұйымдастырылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

9 желтоқсан – Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай өткізілген шараны Тараз қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастырып отыр.

Автошеруге 15 автокөлік қатысты.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент саябағында шараға қатысушыларға арнап концерттік бағдарламалар және флешмоб көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.