«Кітап оқып, миллионер бол!» қалалық байқауының жалпы ережесі

0 195

«Кітап оқып, миллионер бол!» қалалық байқауының ережесі

Жалпы ережелер

1.1. Ереже «Кітап оқып, миллионер бол!» байқауын өткізу тәртібін, мәртебесін, мақсаты мен міндеттерін айқындайды.

1.2. Байқауды ұйымдастырушылар:

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» қоғамдық-саяси газеті, Тараз қалалық әкімдігінің білім бөлімі мен Жамбыл облыстық Д.А.Қонаев атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

1.3. Байқаудың мақсаты:

Оқу мәдениет дамыту және қолдау, жастар арасында ең үздік көркем әдебиет туындыларын кеңінен насихаттау.

1.4. Міндеттері:

Тараз қаласының қітапқұмар жастарына ең үздік қазақ, шетел жазушыларының шығармаларын насихаттау, жастардың классикалық, кәзіргі заманауи әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін ояту, жастардың бойында кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастырып, жетілдіру және кітап оқуды ілгерлетуге тарту.

1.5. Байқаудың мазмұны:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі қаланың мектептерінде өткізіледі. Екінші кезеңде әр мектептен іріктелген оқушылар (оқырмандар) қалалық байқауға қатысуға мүмкіндік алады. Байқауға ұсынылатын әдебиеттерді байқау ұйымдастырушылары мен ақылдастар алқасы бірлесе іріктеп, таңдайды. Байқауға 100 кітап таңдап алынады. Қатысатын 5-7 сынып оқушылары 15 кітаптан, 8-11 сынып оқушылары 20-дан кем емес кітапты оқуы міндеттеледі.

1.6. Байқауға қатысу үшін іріктелетін кітаптар:

а) Адамгершілік, ізгілікке үндейтін, жалпы адамзаттың және ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын, дәстүр мен тарихтан тамыр тартатын, қиял әлеміне жетелеп, шытырман оқиғалардың түйінін тарқататын, ойлау қабілетін ұштайтын;

б) жанрлық жағынан сан алуан;
в) көркемдік құны жоғары;

2. Байқауға әзірлік пен оны өткізу

2.1.Байқауды ұйымдастырып өткізу үшін құрамына облысқа танымал ақын-жазушылар, қазақ әдебиет мамандары мен қоғам және мәдениет қайраткерлері кіретін ақылдастар алқасы мен ұйымдастыру комитеті құрылады.

2.2.Ұйымдастыру комитеті:

Байқауды өткізу үлгісін, мерзімі мен тәртібін анықтайды;
Байқау үшін таңдалған кітапты бекітеді;
Байқау нәтижелерін бекітеді;
БАҚ-қа арнап хабарлама дайындайды.

2.3. Байқау ұйымдастыру комитеті белгілеген күні өткізіледі.

2.4.Байқаудың өткізілуін жүзеге асыру үшін жұмыс тобы құрылады.

3. Байқау талаптары:

3.1. Байқауға қатысушы үміткер Тараз қаласының тұрғыны, орта білім беру орындарының оқушысы болуы шарт.
3.2. Байқау барысында қатысушылар өздері оқыған кітаптар жайлы фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде «кітап оқып, миллионер бол!» хэштегімен қысқаша посттар жазып, мектепаралық видео эстафеталар жолдауы тиіс. Видео эстафеталарда әр мектептегі байқауға қатысушылар топталыпөзге мектептегі құрбыларын жігерлендіру мақсатында өздерінің қанша кітап оқығандықтарын және алдағы айларда қанша кітап оқып бітіре алатындықтарын айтып, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінде «кітап оқып, миллионер бол!» хэштегімен видео жариялауы тиіс.
3.3. Байқау қорытындысында оқушы кітап жайлы пікірін айтып, оқыған кітаптарының мазмұны бойынша арнайы дайындалған сұрақтарға жауап береді.

4. Өткізілу уақыты

4.1. Байқауды өткізу мен әзірлік науқаны байқау жарияланған күннен басталады. Дайындық кезеңінде байқауды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар мен плакаттар, кітап туралы буклеттер шығарылады.

4.2. Байқаудың өткізу уақыты: I-кезең 01.12.2018 ж. – 30.04.2019 ж. аралығында. II-кезең 01.05.2019 ж. – 20.05.2019 ж. аралығында. Салтанатты жабылуы мен марапаттауы 22.05.2019 ж.

Қорытындылау

5.1. Байқау қортындысын байқаудың өту деңгейіне орай ұйымдастыру комитеті шығарады.
5.2. Аяқтау кезеңде
Байқаудың ең белсенді қатысушылары (1,2,3 орындар) анықталады және қорытындысы шығарылады. Байқаудың өткізілуіне белсене ат салысқан ұжымдар, мекемелер, кітапханалар және тұлғалар арнайы дипломдармен марапатталады.

5.3.Қорытынды хабарлама сайттарда әлеуметтік желілерде және облыстық БАҚ-да жарияланады.

Жүлде қоры
8-11 сыныптар үшін
• I орын – 1 миллион теңге
• ІІ орын – 500 мың теңге
• ІІІ орын – 250 мың теңге

5-7 сыныптар үшін
• I орын – 500 теңге
• ІІ орын – 300 мың теңге
• ІІІ орын – 150 мың теңге

Leave A Reply

Your email address will not be published.