Ашу-ызаны басқарудың 8 тәсілі

0 2

Адамгершілік пен кішіпейілділік кез-келген адамның қаруы әрі қорғаны. Ашу-ызаны басқарудың 8 тәсілі:

1. Егер әлдекім немесе әлдене сізді қатты ашуландырса, оқиға болған орыннан тыныш жерге барғаныңыз жөн. Кейде ойда жоқта келген ызадан арылудың емі – оңаша қалып, 5 минут тыныштықта болу.

2. Егер біреумен арадағы әңгіме ұнамаса, ашу туғызса, онда тақырыпты басқа арнаға ауыстырыңыз.

3. Күйзеліс кезінде баяу әрі терең демалу өте пайдалы.

4. Адамдармен сөйлескенде жеке басқа тіл тигізбей, объективтілікті сақтаңыз. «Сөз сүйектен өтеді» демекші, кез келген сөзіңіз қарым-қатынастарыңызға өз әсерін тигізуі мүмкін.

5. Жағымсыз эмоцияларды жоюдың ең тиімді тәсілі – физикалық жаттығулар жасау.

6. Бір іспен әбден жалыққанша айналыспауға тырысыңыз, басқа да шаруаларды қолға алыңыз.

7. Маңызды шешімдерді өзіңізді жақсы сезінген кезде ғана қабылдаңыз. Егер сәл ауырыңқырап тұрсаңыз, әлсіз, жігерсіз, күйзеліске жақын күйде болсаңыз, маңызды шаруаларды кейінге қалдырыңыз.

8. Қуануға себеп іздеңіз. Уақыт өте айналаңызды өзгертуге бейімделіңіз. Күнделікті күйбең тіршіліктің сізді қажытуына жол бермеңіз. Уақытыңыздың көп бөлігін жаныңызға жақын адамдармен өткізіңіз.

Дереккөз: Bilimland.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.