Бас ауруы

0 1

Бастың аурулары алуан түрлі. Соның ішінде бас сақинасы, бастың жарылып ауруы сияқты түрлері жиі кездеседі.

Екі шеке солқылдап ауыратын кездер болады. Көз қарауытып, әлдене елестегендей болып, иіс, дәм сезу қабілетінде өзгеріс пайда бола бастайды. Мұндайда адам жүрегі айнып құсады. Қол-аяқтары әлсіреп, жатқысы келеді. Ешнәрсеге зауқы соқпай шаршайды. Осындайда кавказдықтар басы ауырған адамды жатқызып, қара шүберекті ыстық суға матырып сығып тастап, ыстықтай (шыдайтындай дәрежеде) екі шекеден тартып орап тастайды. Бұл бастың ауруын 30 минут ішінде тоқтатады.

Бас сақинасы

Сау жүрген адамның ойламаған жерден басы айналып, сынып ауырады. Жұмыс істеу қабілетінен айрылып, жаны қиналады. Мұны бас сақинасы дейді. Осы кезде басты уқалап, уқорғасынның арақтағы тұнбасынан шамалап жақса, бастың ауырғаны тоқтайды. Осы тұста ескеретін жайт — тұнбаны көзге тигізіп алмау керек. Кездейсоқ көзге тамып кетсе, өмірге қауіпті.

Долана мен аюбадамның (жемісі) 1 ас қасығын 300 мг суға қайнатып тұндырып ішеді. Емдеу мерзімі — 15 күн.

Қырмызыгүлден 10 г, жұмыршақтан 10 г бір құты суға бір қайнатып, 40 минут тұндырады. Үштен бір бөлігін ас алдында ішеді. Күніне 3 рет. Емдеу мерзімі — 15 күн.

Бас зеңіп, кеңсірік ашып, қатты ауырған кезде қарт адам 25 г қарабұрышты 1 құты қайнап тұрған суға араластырып, су сәл жылығанда бірақ ішеді де қалың көрпе жамылып жатып қалады. Сәлден соң қатты қызып мұрыннан қап-қара қан ағады. Белгілі мөлшерден соң қан тоқтап, жуынып-шайынған әлігі адам сорпа ішіп қайта жатады. Ертеңіне мүлде ауырмағандай сергек тұрып жұмысына араласады.

Ауа райы бұзылса болды басы ауырып, мазасы кететін адамдар болады. Олар семіз тауықтың төс етіндегі қалың майды сыртқы терісімен кесін алып, майдың бетіндегі өте жұқа қабатты сыдырып тастап, бастың ауырын тұрған жеріне жапсырады да, сыртынан салафан қағаз қойып, оның сыртын орамалмен орайды, кейін жатып ұйықтауға болады. Таңертең бас жазылып, көңіл жайланын тұрады. Басты ауыртқан тамыр арасындағы суықты май сорып алады.

Картопты қабығымен суға пісіріп жейді. Бас сақинасына мұның да өзіндік пайдасы бар.

Қырмызыгүл — аулада, егістіктерде арнайы өсіріледі. Оның гүлінен 20 грамды 100 г ақ араққа 15 күн ашытып, ас алдында 20-30 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Мұны ұзақ уақыт үзбей пайдаланса, бас ауруы жоғалып, ұйқы жақсарады, жұмыс қабілеті артады.

Қызыл қылша шырынынан алып, тең жартысына бал қосып араластырып, ас қасықпен күніне 4-5 рет ішеді. Бір емдеу мерзімі — 10 күн.

Қарақатты кептіріп сақтайды. Бастың сақинасы ұстаған кезде 2 ас қасығын 300 мл суға он минут ақырын қайнатып, 1 сағат тұндырады. Таңертең әзірленген осы дәріні төртке бөліп кешке дейін түгел ішіп қояды. Күн сайын жаңадан әзірлеп, бір апта ішсе, оң нәтиже береді.

Сулы арық бойларында өсетін жалбыздан 1, көкемаралдан 1 ас қасық алып 1 құты суға бір қайнатын тұндырады. Кейін үшке бөліп, ас алдында күніне 3 рет ішіп, 1 күнде бітіреді. Бір апта үзбей ішсе, бастың ауырғаны жоғала бастайды.

Қой бүлдірген, грейпфрут, қызылша шырынынан қосып, оған шамалы мөлшерде бал қосып араластырып, әр жолы жарты құтыдан күніне 4 рет ішеді. Үш күннен кейін нәтижесін көрсете бастайды.

Қолда асыраған үйректі сойған кезде өтін алып, бастың жарылып ауруы кезінде ауырған жақтағы танаудан аздап тамызса, бастың ауруы бір сағаттың ішінде жазыла бастауы керек.

Кәсіби халық емшісі Сейітқамза Қалиевтің емшілік кеңестерінен.

Дереккөз: Bilim All

Leave A Reply

Your email address will not be published.