eGov.kz порталында жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру қызметі іске қосылды

0 15

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» egov.kz-порталында жеке тұлғалардың жазбаларын тексеру қызметінің іске қосылғаны туралы хабарлайды.

Бұл сервис азаматтарға туу, өлім, некені тіркеу, ажырасу, бала асырап алу, әкелікті анықтау, аты-жөнін өзгерту сияқты 7 оқиға бойынша акт жазбаларын (оның ішінде 2008 дейін жасалған) цифрлауға және тексеруге мүмкіндік береді. Енді жоқ немесе дұрыс емес мәліметті түзетуді цифрландыру үшін eGov.kz https://egov.kz/services/SR.18/ порталының сілтемесі арқылы құжаттардың сканерленген көшірмелерін жіберу жеткілікті.

Мысалы, Сіздің балаларыңыздың туу туралы актілік жазбаны тексеру кезінде, бала туралы деректер (тегі, аты, азаматтығы, ұлты, туған күні, ана мен әке туралы деректері) ұсынылған бөлімде дұрыс емес жазбалар енгізілген жағдайда, онда құжаттардың сканерленген көшірмелерін қойып, ақпаратты жаңарту мүмкін болады. Қызмет көрсетудің нәтижесі АХАЖ АЖ мәліметтерін жаңарту мәртебесі туралы ақпарат болып табылады. Қызметтің көрсетілуі мерзімі — 1 жұмыс күні, қызмет тегін көрсетіледі. Осы сервис электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.