Игілік ауылдық округінің тұрғындары агросалада табысты еңбек етуде

0 7

Сарысу ауданы Игілік ауылдық округі әкімі Айбол Бердібаев тұрғындар алдында есеп берді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Ауылдық округ бойынша халыққа қызмет ететін 2 орта мектеп, 1 балалар өнер мектебі, 1 балабақша , 2 шағын орталық, 2 ауылдық клуб үйі, 2 ауылдық кітапхана, 2 пошта бөлімшесі, 1 фельдшерлік – акушерлік пункті, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 саябақ, 1 стадион, 3 футбол алаңы бар. Өткен жылғы 2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары ауылдық округте жақсы көрсеткішке жеткізіліп отыр. Атап айтқанда, былтыр жұмыссыз жүрген 8 азамат өз кәсібін ашу үшін аталмыш бағдарламаның 2-ші бағыты бойынша мемлекет тарапынан 32 млн 300 мың теңге қаражат алды.

Сондай-ақ, тұрғындардың негізгі кәсібі — егін мен мал шаруашылығы. Мүйізді ірі-қара – 1922 бас, қой- ешкі – 21345 бас, жылқы – 622 бас, түйе – 263 басты құрады.

Сонымен қатар, «Қозықырған» шаруа қожалығы  4 млн 300 мың теңгеге 13 бас бие, 1 бас айғыр алып ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлестерін қосып, мал басын көбейту, мал бордақылау істеріне батыл бетбұрыстар жасауда.

Ал округ бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны 378 болып, ауыл тұрғындарының 14,9 % құрайды. Округ жастарының «Серпін» бағдарламасы аясында  солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріндегі жоғары оқу орындарында білімдерін жетілдіріп жатқандары бар.

Жиынға қатысқан жұрт таза ауыз су мәселесін көтерді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.