2018 жылы тілдерді оқыту орталығында 1333 азамат қазақ тілін тегін оқыған

0 0

Таразда 2018 жылы  тілдерді оқыту орталығы арқылы 1333 азамат тыңдаушы қазақ тілін тегін оқу курсына қамтылған. Оның 80,3% – өзге ұлт өкілдері. Бұл туралы бүгін «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Сұлушаш Құрманбекованың қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өткен жылы «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеуден өткен 556 мемлекеттік қызметшінің 51%-ы В1 деңгейін, 9%-ы С1 деңгейін меңгергендігін көрсетті. В1 деңгейі – 21%-ға артық орындалған.

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесі өткен жылы – 72,46%-ды құрады. Есепті мерзімде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мақсатында облыстың тіл жанашырлары атынан республикалық, облыстық, қалалық, аудандық басылымдарда 474 мақала жарияланды, оның 171-і латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған.

2018 жылы әкімшілік-аумақтық бірліктер, елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау туралы облыстық және республикалық ономастикалық комиссиялардың оң шешімдерімен жалпы саны 524 атау берілді.

Ал сыртқы көрнекі ақпараттарды Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарына сәйкестендіру мақсатында есепті мерзімде – 16587 нысанға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның 14333-і талапқа сай болса, 2254-нен кемшіліктер анықталып, барлық нысан иелеріне тиісті заңнама талаптары түсіндірілді. Көрнекі ақпараттарда мемлекеттік тілдің пайдаланылу дәрежесі – 1,4% -ға артық орындалып, 86,4%-ды құраған.

Сонымен қатар, үш тілді меңгерген жастарды анықтау мақсатында 2 әлеуметтік жоба аясында, бірнеше тілді жетік меңгерген республикаға танымал тұлғалардан құралған топ аудандар мен Тараз қаласында 40-тан астам іс-шаралар өткізіліп, 2 мыңға жуық жастар қатысты. Облыс орталығында «Полиглоттар клубы», аудандарда «Тілдік алаңдар» тұрақты жұмыс атқаруда. Үш тілді жетік меңгерген дарынды жастар арасында «Тілдарын» олимпиадасы және «Көп тіл білу – заман талабы» атты полиглоттар форумы өткен болатын.

Бұған қоса, латын графикасына негізделген қазақ жазуын түсіндіру, азаматтардың жаңа әліпбиді үйренулеріне мүмкіндіктер жасау мақсатында басқарма тарапынан 4 әлеуметтік жоба аясында 120-дан аса іс-шаралар өткізіліп, оған 150 мыңға жуық адам қамтылса, аудандар мен Тараз қаласында 534 іс-шара өткізілді.

Айта кетейік, жаңа қазақ әліпбиін өңір тұрғындарына кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы бейнеролик, Qazalipbi.kz онлайн оқыту бағдарламасы әзірленген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.