Еліміздің шекарасындағы 10 бекет жаңартылады

0 0

Қазақстан шекарасындағы 10 өткізу бекетінде жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта Қытай елінен 2 миллиард юаннан аса қарыз алу көзделіп отыр. Бұл жөнінде бүгін Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды.

Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл жеңілдетілген әрі ұзақ мерзімді несие. Яғни Қазақстан тарапы оны 2 пайыз үстемақымен 20 жыл бойы қайтарады. Есесіне 9 автокөлік және 1 теміржол бекетіне жаңғырту жұмыстары жасалады.

Бұған қоса оларды толықтай техникалық жабдықтау көзделіп отыр. Бұл бастама ел шекарасындағы көлік жүктемесін азайтып, бюджетке қосымша қаржы әкеледі. Жаңғырту жұмыстары 2022 жылға дейін аяқталуы керек.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.