Жамбылда темір тор тәртібін бұзбақшы болған азаматша құрықталды

0 0

Жамбыл облысында күні кеше жұбайына келген Шымкент қаласының тұрғыны  43 жасар азаматша ұсталды. Ол жасырын түрде темір торға оң жақ аяғының шұлығына тығып, 5 мың көлемінде қаражат алып өтпекші болған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Қазіргі таңда оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодпексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттары сотқа жіберілді. ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 98-бабы бойынша аталған азаматшаның 1 жылға дейін сотталғандармен кездесуіне тыйым салынады. Сондай-ақ, сотқа байланысты ескерту немесе айыппұл түріндегі жаза қолданылады», — дейді 158/7  түзету мекемесі басшысының міндетін атқарушы Мейірғали Рақышев.

Айта кетейік, жыл басынан бері Жамбыл облысындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде осыған ұқсас 4 оқиға тіркелген. Жазасын өтеушілердің туыстарынан тәркіленген тыйым салынған дүниелердің дені — ұялы телефондар мен ірі көлемдегі сим-карталар, сондай-ақ, ақша және есірткі заттары.

ҚАЖД ЖД 158/7 түзеу мекемесінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.