Қазақстанда қызмет ақысын нотариус депозиті арқылы төлеуге болады

0 4

Қазақстанда қызмет ақысын нотариус депозиті арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Айталық, сатушы мен сатып алушы мәмілеге отырды. Нотариус мәмілені растады, бекітті. Енді тіркеу керек, ондай кезде сатушы нотариустың депозитіне ақша салады. Мәміле тіркелген соң нотариус сол депозиттен сатушыға ақша төлей салады», — деді қалалық Әділет департаменті басшысының орынбасары Қанат Базарбаев.

Әзірге бұл қызметтің құны қанша болатыны бекітілмеген.

Нотариус депозитті кез келген банкте аша алады. Әділет органы қызметкерлерінің айтуынша, төлемнің бұл түрі ақыны мерзімге бөліп төлейтіндер арасында үлкен сұраныс тудырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.