Автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру қызметі техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды.
«Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚКО мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімшелерінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер уақытша тоқтатылды», — деді комитеттегілер.
Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.
Дереккөз: tengrinews.kz