Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысы сараланды

0 9

Нұр Отан партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша құрылған комиссия «Халыққа қызмет көрсету орталығы» жұмысын бақылау мақсатында рейд жұмыстарын жүргізді. Комиссия кураторы Абай Нұржанов бастаған азаматтар орталық жұмысымен танысып, қызмет алушы тұрғындармен тілдесіп, пікірлерін тыңдады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл орталық бүгінде үш бағыт бойынша жұмыс жасауда. Онда жыл басынан бері шағын несие алу үшін 92 азаматқа екінші деңгейлі банктерге жолдама берілген. Оның жетеуі несиесін рәсімдеп, алып та үлгерген. Ал, 210 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, осы уақытқа дейін 32 азамат жолдамамен жұмысқа орналасқан.

Мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту және халыққа мейлінше тиімді әрі қолайлы қызмет көрсету жолдарын іске асыру үшін мұндай бақылау жүргізу жалғаса бермек.

Дереккөз: Jambyl TV

Leave A Reply

Your email address will not be published.