Жасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда!

0 0

Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда Шу аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция бөлімшесінің ювеналдық полиция тобы қызметкерлерімен профилактикалық бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтем жасап хабарлайды.

Аудан аумағында түнгі уақытта кафелерде, ойын-сауық орталықтарында күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізілуде. Мектептерде және басқа да оқу орындарында кәмелетке толмағандардың арасында ерте жүктіліктің, өз-өзіне қол жұмсау деректерінің алдын алу мақсатында дәрістер оқылып, мағыналы бейнероликтер көрсетілді.

Сондай-ақ, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оларды қоғамдық іс-шараларға тарту мақсатында «Жасөспірім» атты спорттық сайыстары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымының және оларды теріс пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Шу аудандық полиция бөлімі және есірткіге қарсы «Дельта-Долина» бөлімімен бірлескен арнайы топтар құрылып, жұмыс жасауда.

Аталған бағыттағы жұмыстар өз кезегінде оң нәтижесін беруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.