Өңірде «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты семинар өтті

0 3

Тараз қаласында «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл — Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Бас директорының міндетін уақытша атқарушы Ербол Тілешовтің қатысуымен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып, 2019 жылдың 14-15 наурыз күндері «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбы аясында іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.

Сондай-ақ, 2 күндік оқыту семинарында Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және Еуразия гуманитарлық институтының мамандары инновациялық педагогикалық технологиялар қолдана отырып, жаңа емле ережелерін үйретті.

Сонымен қатар, іс-шараға тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, қалалық және аудандық мәдениет және тілдері дамыту бөлімдерінің тіл мамандары, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, ЖОО, колледждердің оқытушылары, мектептердің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері, барлығы 150 адам қатысты. Бұған қоса, семинарға қатысқан 60 тыңдаушыға арнайы сертификаттар беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.