Асқар Мамин көпбалалы отбасыларға тұрғын үй қашан берілетінін айтты

0 0

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин көпбалалы отбасыларға тұрғын үй қашан берілетінін айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Үкімет отырысында Мамин әкімдердің назарын тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесіне аударды.

«Биыл 13 миллион шаршы метр тұрғын үй салуымыз керек. Әкімдерге жер телімдерін бөлу, инфрақұрылым бойынша жұмыс қарқынын жеделдету қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үйлердің сәулеті бірыңғай болуы керек. Бұл тапсырма тек Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орындалып жатыр. Ал қалған өңірлерде енді басталады», — деді үкімет басшысы.

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға баспана алу үшін бөлек кезек құрылады.

Премьер-министр Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізілгенін еске салды.

«Бес жыл бойы алты мыңға жуық көпбалалы отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. 1 мамырдан бастап мұқтаж адамдарға пәтер бөлуге кірісеміз. Екі жыл ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы мемлекет басшысының әлеуметтік бастамаларына сәйкес 22,5 мың отбасы жеңілдетілген несие алады», — деп толықтырды Мамин «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламаларының жүзеге асырылуын талқылау барысында.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға өңірлерге 50 миллиард теңге бөлу қарастырылғанын айтты. Жеті жылға 350 миллиард теңге қарастырылған. «Бұл жыл сайын 6 мың көп балалы отбасын пәтерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал жеті жылды 40 мыңнан астам пәтер шығады», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.