Бүгін Тараздағы «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы» КММ-де Ұлыстың Ұлы күніне орай Орталық қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдану – деніміздің сау болуының негізгі кепілі мақсатында өткізілген шараны «№51 Бәйтерек бастауыш партия ұйымы» ұйымдастырды.
Жарысқа «Әкімшілік», «Әлеуметтік», «Медицина», «Шаруашылық» бөлімдері қызметкерлерінен құрылған командалары қатысты. Сайыстың бас төрешісі Орталықтың дене тәрбие мұғалімі Бақытжан Байдосов қатысушы командаларға сәттілік тілеп, әділ қазылығын жасады.
Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан Орталық қызметкерлері өз командалары үшін аянып қалмады.
Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде, «Медицина бөлімі» 1-орынды иеленді. «Әлеуметтік бөлім» 2-орынды алса, «Әкімшілік бөлім» 3-орынға табан тіреді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар табыс етілді.