Сарысу ауданы әкімі аналарға құрмет көрсетті

0 4

Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек Ұлыстың Ұлы күніне орай аналарымызға құрмет көрсетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сарысу ауданының тұрғыны 109 жастағы Аманбала Аманжолова жастайынан еңбекке араласқан. Небір қиын кезеңдерді бастан кешкен кейуана аудан басшысымен емен-жарқын сұхбаттасып, өткен өмірін ерекше тебіреніспен еске алды. Ақ жаулықты ана өмірінің жартысын совхозда сақпаншы, қой қырқып, мал шаруашылығына арнаған. Маңдай тер, адал еңбегінің арқасында 5 бала тәрбиелеп, бүгінде немере мен шөберенің қызығын көруде.

Айтулы мерекемен құттықтаған аудан басшысы гүл шоқтарын табыс етті.
Сондай-ақ, аналарға құрмет бірқатар көпбалалы аналардың шаңырақтарына арнайы барып құттықтаумен жалғасты.

-Қазақ әйелді отбасының ырысы, ұйытқысы деп ұғынған. Халқымыздың татулығын, ағайынның бірлігін, шаңырақтың берекесін ұстаушы да ана. Өмірге ұрпақ әкеліп, тіршілікке тірек болған қажыр-қайраттары үшін біз ардақты ана мен асыл жарға, аяулы нәзік жандарға әрдайым құрметпен қараймыз. Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға бақыт сыйласын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, — деді аудан басшысы Қанатбек Қайшыбекұлы.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.