Бала семіздігіне әкелетін 3 жағдай

0
33

XXI ғасырдағы денсаулық сақтау саласының маңызды мәселелерінің бірі – балаларда артық салмақтың болуы. Мұндай балаларда жасы ұлғая келе диабет және жүрек-қан тамырлар ауруының пайда болу қаупі жоғары. Мектеп оқушыларының артық салмақ қосуының негізгі 3 себебін ұсынамыз.

Оқуды шамадан тыс жүктеу және аз қозғалысты өмір салты

Көптеген ата-аналар балаларын өте көп қосымша сабақтарға береді және баланың түнге дейін сабағын орындап отыруын қалыпты көреді. Әдетте, баланы қосымша сабақтарға апарғанда жаяу жүргізбейді, оның орнына асыққандықтан көлікпен апарады. Семіздікке баланың аз қозғалысымен қатар, ұйқының жетіспеушілігі де себеп болады. Балаға ұйқы жетіспесе, метаболизм баяулайды. Балаға күндіз ойнауға және басқалармен сөйлесуге уақыт болмағандықтан, олар оны түнде істеуге тырысады: сондықтан бала ұйықтар алдында әлеуметтік желіге кіреді немесе онлайн-ойындар ойнайды.

Дәрігерлер баланың күніне аз дегенде 1 сағат физикалық белсенділікпен (жүгіру, жүзу, футбол ойнау) айналысуын ұсынады.

Ал ұйқыға баланың жасына қарай уақыт бөлу керек:

– Мектеп жасына дейінгі балалар ұйқысы 10-12 сағатты құрауы керек;

– Бастауыш сынып оқушылары 9,5-10 сағат ұйықтауы керек;

– Жасөспірімдер 8 сағаттық ұйқыны қажет етеді.

Дастархан басындағы ата-ана әрекеті

Балаңыздың нәресте кезін еске түсіріңіз: емгісі келген бала жылап мазасызданады, ал тойған кезде емуін тоқтата қояды. Яғни, бала туылғаннан бастап ата-ананың айтуынсыз-ақ қай уақытта тамақтану керектігін және қай уақытта тойғанын біледі.

Алайда, баланың жасы өсе келе оның осы қасиеті “жоғалады”: ата-ана алдымен баланың қарны ашқан кезде емес, тамақ жеу қажет уақытта тамақтандырады, содан соң артық тамақ жеуге мәжбүрлейді. Кейде ата-ана баланың жегісі келмейтін тамағын да қинап береді. Осыдан кейін адамда аспаздық интуиция жұмыс істемей қояды. “Әкең үшін бір қасық, әжең үшін бір қасық” деп балаға қинап тамақ беру қамқорлық емес, бала ағзасының жұмысына дөрекі араласу болып саналады.

Үйлестірілмеген тамақтану

Балаларда артық салмақтың болуы газдалған сусындар, шоколадтар, фаст фуд пен жартылай дайын тағамдарды көп жеумен байланысты. Баланың күнде бутерброд пен тәтті шай ішуі қалыпты емес. Жалпылама қарағанда, өте зиян тамақтың жоқтығын, алайда кез келген өнімді мөлшерден тыс жеудің қауіпті екенін ұмытпаңыз. Сондықтан баланың фри секілді дәмді тағамнан толықтай бас тартуы міндетті емес, бастысы, оны арасында орынды мөлшерде берсеңіз болғаны.

Дереккөз: massaget.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here