Жамбыл облысында насихат жұмыстарының екінші толқыны сәтті басталды

0 0

Жамбыл облысында ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың насихат жұмыстарының екінші толқыны басталды. Бұл туралы бүгін Қ.Тоқаевтың Жамбыл облыстық қоғамдық штабы жұмысының аралық қорытындылары туралы өткен баспасөз мәслихитанда штаб басшысы Шәбден Тілеумұрат мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жамбыл облысы бойынша ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 облыстық, 1 қалалық және 10 аудандық қоғамдық штабтары жасақталып, бүгінгі таңда белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

Сондай-ақ қоғамдық штабтарға облыстағы партия филиалдарының аппараты мен облысқа белгілі спиккерлер, барлығы 423 партия мүшелері тартылды. Облыс бойынша 1016 кандидаттың сенім білдірген адамдары тіркеліп, тиісті куәліктері ресімделген. Сондай-ақ, облыс бойынша, үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға 837 белсенді жас тартылған. Белсенділер қатарынан 33 мобильді-үгіт топтары  құрылған.

Сайлау науқанының ІІ кезеңіне арналған желілік кестеде облыс бойынша 691 шара жоспарланған. Оның 508 (73.5%) сенімді өкілдердің қатысуымен өтетін үгіт-насихат іс-шаралары болып табылады.

Сенімді өкілдердің қатысуымен өтетін мәжіліс залдар мен ғимарат егелерімен 205 келісім шарт жасалып, 69 шараның өту орны бойынша атқарушы органдардан рұқсат қағазы алынған. Сондай-ақ, белгіленген 691 шараның 65 облыстық деңгейде, 626 шара Тараз қалалық және аудандық деңгейге өтеді.

Желілік кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 11-24 мамыры аралығында 344 іс-шара, желілік кестеден тыс сенімді өкілдердің және белсенділердің 4059 кездесулері мен «Есіктен есікке» акциясы аясында, барлығы 326 310 сайлаушы қамтылды.

ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Birge» акциясы барысында 22 мыңнан аса бүктеме таратылып, сайлаушылардың 10 мыңнан аса ұсыныс-тілектері www.toqaev2019.kz сайтына енгізілген.

Сонымен қатар, қоғамдық қабылдау кестесі бекітілңп, соған сәйкес, бүгінгі күнге облыстық қоғамдық штаб мүшелері С.Сейдәзімов, А.Савченко, Ж.Кәрібай, Б.Қарашолақов, М.Ескендіров, Солтыбаев, А.Нұржанов, М.Берік, Г.Умаров, Г.Нұрымова, Ғ.Сағынтаевтар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Кандидаттың облыстық және аумақтық қабылдау бөлмелеріне 180 өтініш түсіп, оның барлығына заңнамалық кеңес түрінде көмек көрсетілген.

Қабылдауға келушілердің басым көпшілігі – қазіргі таңдағы көп балалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті алу мәселелері болса, 9% мемлекет тарапынан кезектен тыс баспана мен жер алу, жұмысқа орналасу, жол жөндеу, елді мекенді газдандыру және қаржылай көмек көрсету мәселесі болып табылады.

Айта кетейік, облыс бойынша үгіт науқанының 1-ші толқынына арналған материалдар толығымен пайдаланылып, 2-ші толқынға арналған ақпараттық-насихаттық материалдардың 56,1% жұмсалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.