Таразда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

0 9

Бүгін Тараз қаласында 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай митинг өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Саяси қуғын-сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі. Естеліктері ешқашан ескірмейтін осы күнді Тараздық жұртшылық ескерусіз қалдырған жоқ.

Шаһардағы Ы.Сүлейменов көшесінің бойына орналасқан қуғын-сүргін құрбандарына арнайы орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, құрбандарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Еске алу рәсіміне аймақ басшысы Асқар Исабекұлы мен өңірдің зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Мұрағат деректеріне сүйенсек, өткен ғасырдың 30-50 жылдары елдегі жаппай саяси қуғын-сүргін уақытында Жамбыл облысында сотсыз, тергеусіз «үштік» үкімімен 4 252 адам жазықсыз сотталып, олардың 998-іне ең ауыр үкім ату жазасы тағайындалған екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.