Жамбыл облысында еврей этномәдени орталығының этнос күні өтті

0 0

Жамбыл облысы Байзақов ауданы, «Түймекент» ауылындағы Ғазиз Байтасов атындағы орта мектепте Александр Нахмановичтің 95 жылдығына арналған «Шиват-Цион» еврей этномәдени орталығының этнос күні өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шара «Өмірлері қиын жағдайда қалған балалар» орталығының тәрбиеленушілерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Этнос күні Жамбыл облысының Свердлов ауданы, Ұлы Отан соғысының батыры, Социалистік еңбек ері және де Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, «Трудовой пахарь» колхозының председателі Александр Нахмановичке арналған еді.

«Соғыстан кейін Жамбыл облысына оралған Александр Львович «Джамбульский» қант совхозында есепші және бөлім меңгерушісі болып жұмыс істей бастады, кейін ол «Трудовой пахарь» колхозының председателі болып тағайындалды. Нәтижесінде ол арнайы бригадалық топтарын ұйымдастырып, колхоздың еңбек ету деңгейін жоғары дәрежеге жеткізді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен «Ленин ордені» және «Серп и Молот» алтын медальдарымен наградтталып, оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Биыл тірі болса 95 жаста болар еді», — А.Нахмановичтің досы, «Түймекент» ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Бозай Оразалы.

Кеш соңы концертке жалғасты. Әртүрлі этникалық топтардың балалары мемлекеттік тілде өздерінің патриоттық әндерін орындап, алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.