Тараздағы түзету мекемесінде қақпа алдында кездесу болып өтті

0 8

Тараздағы түзеу мекемелерінің бірінде қақпа алдында кездесу болып өтті. Жазасын толық өтеп, бостандыққа қадам басқан азаматқа ЖД-158/7 мекемесінде әлеуметтік-құқықтық көмек берілді. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұл жолы әлеуметтік бағдарламаның шарапатын Станислав Пешехонов көріп отыр. Арнайы мамандар жазасын өтеп, шартты түрде босаған азаматқа қоғамға қайта бейімделіп, заман иіріміне сай оңалуына қатысты нұсқаулар беріп, жөн сілтеді. Қазір темір тордан босап шыққандар бұрыңғыдай қайда барып бас сауғалап, күнелтем деп еш қам жемейді. Өйткені олар үшін де мемлекет оңтайлы мүмкіндіктерді қарастырып қойған. Тек тиімді кәдеге жаратса болғаны.

Мәселен, атаулы жиында сөз болғандай жазасын өтеушіге қысқа мерзімді кәсіптік білім алып, жаңа мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, денсаулығы мен әлеуметтік жағдайына байланысты тиісті көмектер алуға құқығы бар. Сонымен қатар, жеке кәсібін ашуға да әбден болады. Бастысы ниеті болса, үкімет қолдауға әзір.

Мұнан өзге, кездесуде сала мамандары сотталғанға қатысты барлық ахуалды сараптап, тіркеуге алды. Оңалту жолында атқарылар тірлік аз емес екендігі тілге тиек етілді. Алдағы уақытта да мұндай ізгілікті іс-шаралар легі жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.