Жамбылдық полицейлер 7 есірткі қылмысын анықтады

0 3

Жамбылдық полицейлер «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасының алғашқы күндері 7 есірткі қылмысын анықтады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіе сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 17-21 маусымы аралығында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен республикалық «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты — есірткі, психотроптық немесе улы заттарды пайдалану ережелерін бұзуды анықтау, жолын кесу. Сондай-ақ, оның міндетіне шаруашылық жүргізуші субъектілерін тексеру кіреді.

Жамбыл облысында өткізілген іс-шараның алғашқы күндері полиция қызметкерлері 7 қылмыстық және 2 әкімшілік құқық бұзушылық деректерін анықтап, тіркеді.
Оның ішінде ҚР ҚК 286-бабы (есірткі құралдары контрабандасы) бойынша — 1 дерек, ҚР ҚК 300-бабы (құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша — 2 дерек, ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлімі бойынша — 1 дерек, ҚР ҚК 296-бабының 1,2-бөлімдері бойынша — 3 дерек, ҚР ӘҚБтК 427-бабымен — 1 дерек (есірткі құралдары мен психотроптық заттар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу), ҚР ӘҚБтК 426-бабына қатысты — 1 дерек (фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар айналымы саласында).

Аталмыш қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Заңсыз айналымнан 332 келіден астам түрлі есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және улы заттар тәркіленді.

Дәрілік заттарды сақтау және босатуға қатысты бұзушылықтарды анықтау мақсатында Тараз қаласындағы кейбір дәріханалар тексерілді. Тексеру барысында «Медакс» дәрісінің 31 тюбигі және «Самнол» дәрісінің 351 таблеткасы алынды. Сондай-ақ, ЖШС (КМ) 320 келі прекурсор (күкірт қышқылы) тәркіленді.

Барлық деректер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігімен және 427-бабының 1-бөлігімен қарастырылған бұзушылықтар туралы әкімшілік хаттама толтырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.