Арыстық балалар жазғы демалысын Жамбылда өткізеді

0 0

Арыстық балалар жазғы демалысын Жамбылда өткізеді,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

4 шілде күні арыстық 100 бала облыс аумағындағы жазғы демалыс лагерьлерінде тынығуға келді.
Балаларды Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықта балмұздақтармен, концерттік бағдарламамен күтіп алды.
Балалар Т.Рысқұлов, Меркі, Жуалы және Жамбыл аудандарындағы сауықтыру лагерьлерінде демалатын болады.

Бүгінгі таңда 101 арыстық бала Жамбыл ауданындағы «Болашақ» сауықтыру лагерінде, Жуалы ауданындағы «Тау самалы» сауықтыру кешенінде, 10 бала «Тау самалы» және 6 бала «Бәйтерек» лагерінде қызықты күндерін өткізуде.
Бүгінде жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар демалуға қажетті (спорттық, шомылу киіидері, гигиеналық заттар, аяқ және бас киімдер) барлық киім-кешектермен қамтамасы етілді.

Балардың лагерьдегі демалыстары қызықты әрі есте қалатындай өткізу үшін, 1 ай бойы спорттық ойындар, түрлі үйірмелер, спектакльдер және өзге де танымдық кештері ұйымдастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.