Сарысуда «Ардагер ұстаздар» аллеясы ашылды

0 20

Сарысу ауданы Ұйым ауылындағы №11 Сарысу колледжінде «Ардагер ұстаздар» аллеясы ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аллея оқу ордасын тиімді басқарып, негізін қалаған ардагер ұстаздар құрметіне арналған және зейнетке шыққан 16 ұстаздар есімдері жазылған.

Салтанатты шарада ауыл ақсақалы Орынтай Дүйсенов кіріспе сөз сөйлеп, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек игі істі абыроймен атқарған ардагер ұстаздар ұрпақтарына алғысын білдіріп, тұрғындарды құттықтады.

Ал құрметті ардагерлер Мысықбай Әбдіқалықов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев лента қию құрметіне ие болды.

Айта кетейік, жиын соңында вокалдық жанрдағы әуесқой суретшілер өнер көрсетіп, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.