Жамбыл облысында «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді

0 0

2019 жылғы 19 — 20 шілдеде сағат 09:00-ден 19:00-ге дейінгі аралықта Жамбыл облысының аумағында баннерлері бар арнайы жабдықталған автобустарда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция барысында әкімшілік полиция қызметкерлері өзекті сұрақтарға жауап береді, айыппұлдарды төлеу, көлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол белгілерін орнату, учаскелік полиция инспекторлары, жол-патрульдік қызмет, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар қызметі, көші-қон қызметі және т.б. мәселелер бойынша түсініктемелер береді.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің «қауырт желі» 8(7262) 997294 телефоны «Жолда қабылдау» акциясы аяқталғаннан кейін де жұмыс жасайтын болады.

«Жолда қабылдау» акциясын өткізу орны мен уақыты Тараз қаласында 2019 жылғы 19 — 20 шілдеде сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін

1. Тараз қ., «ТИГУ» университеті, Желтоқсан көшесі
2. Тараз қ., Автовокзал, Жамбыл даңғылы;
3. Тараз қаласы, «Нұралы» базары, Сәтпаев көшесі;
4. Тараз қ., Теміржол вокзалы ауданы, Байзақ батыр к-сі, 219
5. Тараз қ., «Small» сауда орталығы, «Жансая» шағын ауданы;
6. Тараз қ., «Жібек жолы» базары, Саңырақ батыр көшесі;
7. Тараз қ., «Ауыл береке» базары;
8. Тараз қ., «Автогид» автобөлшектер базары, Балуан Шолақ көшесі.

Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау Тараз қаласының көшелері мен мөлтек аудандары аулаларында жүзеге асырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.