Жамбыл облысының əкімі Асқар Мырзахметов жұртшылықты Құрбан айт мерекесімен құттықтады

0 6

Өңір басшысы Асқар Мырзахметов бүгін орталық мешітке барып көпті Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі фейсбук парақшасына жариялады, — деп хабарлады «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Құрметті жамбылдықтар!
Қасиетті мереке – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Ізгілік пен мейірімділіктің нышаны болған айтулы мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді.

Айт күндері мұқтаж жандарға көрсетілетін қамқорлық шаралары – жүректерді бауырмашылыққа бөлейді.

Құрбан айт — ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етуші мейрамға айналды.
Дәстүрлі дініміз Тәуелсіздікпен бірге түлеп, халқымызға қайтып оралып, бүгінде бейбітшілікті берік ұстанған Қазақстанда кеңінен қанат жайып келеді.

Алла тағала баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын! Еліміз аман, келешегіміз кемел, өміріміз баянды, бірлігіміз бекем болсын!
Құрбан айт мүбәрак болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.