Жамбыл облысының ауыл әйелдері форумы өтті

0 4

Өңірде Жамбыл облысының ауыл әйелдері форумы өтті. Ауқымды шараға аймақтағы   түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар жиналды,-деп хабарлайды «Zhambylnews»  АА  

 Форум  әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық комиссияның қолдауымен өтуде.

Шараны  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев ашып форум жұмысына сәттілік тіледі.

— Киелі Әулиеата жері де қашан да ардақты қыздарын, атақты еңбек майталманы атанған әйел азаматтарын мақтан етеді.

Ерен еңбектің үлгісін көрсеткен Мәрзия Ибрагимова, Еңбек Ерлері Дариха Жантохова, Сындыбала Оңғарбаева, Тамдыкүл Жамбылова сияқты ардагерлеріміздің еңбектері еш уақытта да ұмытылмасы ақиқат.

…..Мәселен, аудандық мәслихат депутаттарының 29-ы – әйел, 20415-і – ұстаз, 785-і – дәрігер, 1000 мыңға жуығы – мемлекеттік қызметкерлер.

Сондай-ақ, облыстағы 19 мыңға жуық шаруа қожалықтың төрттен бірін нәзік жандылар басқарып отыр.

Ағымдағы жылы 393 әйел «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіп ашудың қыр-сырын оқып-үйренсе, мемлекеттік бағдарлама бойынша 111 әйел шағын несие, 46 әйел қайтарымсыз грант алды.

Ал «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан нәзік жандылардың саны 9725-і құрады.

Бүгінде қай салада болмасын нәзік жандылардың алатын орны ерекше. Мысалы  аудандық мәслихат депутаттарының 29-ы – әйел, 20415-і – ұстаз, 785-і – дәрігер, 1000 мыңға жуығы – мемлекеттік қызметкерлер.

Ағымдағы жылы 393 әйел «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіп ашудың қыр-сырын оқып-үйренсе, мемлекеттік бағдарлама бойынша 111 әйел шағын несие, 46 әйел қайтарымсыз грант алды.

Ал «Еңбек» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан нәзік жандылардың саны 9725-і құрады-деді Ол.

Мұнан соң Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты, ҚР  Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ляззат Сүлеймен, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ Басқарма Төрағасы Салтанат Рақымбекова сөз алып, нәзік жандылардың қоғамдағы рөлі, отбасы және демографиялық саясат жөнінде өз ойларын ортаға салып, пікір білдірді.

 Форум барысы  пленарлық отырыстармен жалғасты. Онда «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешу арқылы ауылда өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру», «Ауыл әйелдерін жұмыспен қамту бойынша жүргізіліп отырған шаралар», «Жамбыл облысында агротуризмді дамытудағы ауыл әйелдерінің үлесі» тақырыптарында әңгіме өрбіді.

Түстен кейін қатысушылар 4 топқа бөлініп практикалық сессияларға қатысты.

Форум соңында үстіміздегі жылдың  7-8 қарашасында    Нұр-сұлтан қаласында өтетін Қазақстан ауыл әйелдерінің екінші форумына делегеттар сайланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.