Қазақстандық еркін күресші Әлем чемпионатында «күміс» алды

0 1

Венгрия астанасы Будапештте күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, қазақстандық еркін күрес шебері Адлан Асқаров дүниежүзілік біріншіліктің күміс жүлдегері атанды. 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсен ол финалда кубалық қарсыласы Рейнери Ортерге 0:10 есебімен жол берді. Осы салмақтың қола жүлдесін Ализера Сарлык (Иран) пен Афган Хашалов (Әзербайжан) иеленді. 65 келіде Рифат Сайботалов, 70 келіде Жұмай Ильяс, 79 келіде Диас Асқаров, 97 келіде Серік Баxытxанов сынды қазақ балуандары қарсыластарынан ұтылып, Әлем чемпионатында жүлдесіз қалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.