Таразда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

0 1

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап көпбалалы отбасыларға қала аумағынан жекешелендіру құқығынсыз 142 пәтер сатып алынуда.Сондай-ақ «Қарасу»  шағын ауданында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша төрт жатақхана жалпы 180 пәтер соғылып кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға заң аясында үлестіріледі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев айтты, — деп хабарлайлы «ZhambylNews» Ақпараттық Агентігі.

Сонымен бірге  тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларды қолдауға арналған «Бақытты отбасы»  бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бастапқы жарнасы 10%, жылдық үстемақысы 2%, қайтару мерзімі 19 жылға арналған бағдарлама «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы жүзеге асырылуда. Шарттарға сәйкес, мемлекеттік қордан пәтер алу кезек тізіміне «толық емес отбасы», «көпбалалы отбасы», «мүгедек бала асыраушы отбасы» санаттары бойынша тіркелген азаматтар қатыса алады.

Қазіргі уақытта Тараз қаласы бойынша 941 жолдама берілді.Оның ішінде 351 адамның құжаттары банкке қабылданған. 319 адамның төлем қабілеті расталса, 32 өтініш қаралуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.