Әлеуметтік саладағы жемқорлықтың алдын алу

0
30

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның кез келген көріністерінен азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында, сонымен қатар, осыған байланысты мемлекет басшысы және агенттік басшылығы тарапынан қойылған міндеттерді орындау бойынша кеңінен жұмыс жүргізуде.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және сот-тергеу тәжірибесіне жүргізілген талдаулар көрсеткендей, мемлекеттік органдардың ішінде сыбайлас жемқорлықтың кеңінен таралған салалары – әлеуметтік көмек көрсету салалары және осы салаларды қамтитын мемлекеттік бақылау, танылған.

Атап өту қажет, превентивтік шаралар таусылған кезде,Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тарапынан қылмыстық-процессуалды әсер шаралары қолданылады.
Осылайша, 2019 жылы Жамбыл облысының аумағындаәлеуметтік көмек көрсету салаларында сыбайлас жемқорлық сипатында жасалынған – 5 қылмыс тіркелген, ал 2018 жылы – 4.

Сонымен қатар, атап өту қажет, әлеуметтік көмек салалары көптеген миллиардтық бюджет қаражаттары шоғырланған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасыжүзеге асырылуын сүйемелдейді.

Мемлекет басшысы үнемі өзінің төмендегі ұстанымын айқындайды: – «мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және бюджет қаражатын жұмсау бойынша бақылауды және жауапкершілікті катайту қажет. Халықтың қаражатын тиімсіз пайдалануға және ұрлауға байланысты жасалынған құқық бұзушылықтар, қатаң түрде жазаланатын болады».

Осылайша, Департаментпен биылғы жылы жедел жолмен анықталған ҚР ҚК-нің 366 б.б. Жамбыл ауданы әкімдігінің Көлқайнар ауылдық округі әкімдігінің лауазымды тұлғалары атаулы әлеуметтік көмек алуға мұқтаж емес тұлғаларға белгілі бір сиақыға жалған құжат жасаған деректері анықталған, парақорлық санатта қозғалған қылмыстық іс бойынша кешенді сот-сараптама тағайындалып, жан-жақты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here