Жамбыл ауданындағы көпбалалы отбасы баспаналы болды

0 1

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылының тұрғындары аудан әкімдігінің қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасы аясында өз ауылдастарына асарлатып тұрғын үй салып берді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Жаңа қоныс иелерін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев арнай барып, құттықтады. Ол өңірде жүзеге асып жатқан игі жоба жамбылдықтарды жақсы іске жұмылдыра білгенін тілге тиек етіп, көпбалалы отбасыға бақ-береке, шаттық тіледі.

Алты бөлмелі үй бірнеше айдың ішінде бой көтерген. Сонымен қатар, үйге жиһаз және қажетті жабдықтар жеткізілген. Әбеновтар отбасы бұған дейін туыстарымен бірге ескі үйді паналап келді.

— Біз облыс басшылығы тарапынан өңіріміздің игілігі мен гүлденуі үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын көріп отырмыз. Осы орайда біз де ауылдастарымыздың атсалысуымен арманымызға қол жеткіздік. Тіпті, өзіміз танымайтын адамдар да көмектесті. Барлығыңызға үлкен рахмет! Бұл Жаңа жыл өмір бойы естімізде қалатын болады, — дейді әжей Қалия Исмаилова

Жалпы, ағымдағы жылы облыс бойынша асар дәстүрімен 84 үй салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.