Жамбылдық 2 оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының ІІ кезеңіне жолдама алды

0
25

Жамбылдық 2 оқушы «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының ІІ кезеңіне жолдама алды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Хабар» Агенттігінің қолдауымен «NURORDA MEDIA» компаниясы жуырда «Хабар» арнасынан «XXI ғасыр көшбасшысы» бағдарламасының түсірілімін жандандырды.

Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қабілетін шыңдайтын зияткерлік сайысы 15 жыл қатарынан қалың көрерменнің сүйікті бағдарламасына айналды.

Түсірілімге Жамбыл облысынан 7 үміткер жолдама алған болатын. Білім бәйгесіне қатысқан дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Диас Абуталип пен Талас ауданы А.Байтұрсынұлы атындағы гимназияның 10-сынып оқушысы Ернұр Аллаберген жүзден жүйрік атанып, ІІ кезеңге жолдама алды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here