Айына 42 мың теңге — Көпбалалы отбасыларға берілетін пәтердің құны

0 0

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов көпбалалы отбасыларға берілетін пәтерлерге қойылатын шарттарды атады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Комитет басшысы әкімдікте кезекте 487 мың адамның тұрғанын айтты. Оның 28 мыңы — көпбалалы аналар.

«Пәтердің бағасы шамамен 8,4 миллион теңге, аумағы — 60 шаршы метр. Шаршы метріне 140 мың теңге», — деп мысал келтірді Мархабат Жайымбетов үкіметтегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, бұл бағдарламаны 2019 жылдың екінші жартысында жүзеге асырмақ. Аз қамтылған және көпбалалы отбсыларға барлығы 42 мың пәтер беріледі.

«Пәтер 8 миллион теңге тұрса, 800 мың теңгені тұрғын үй сертификаты арқылы өтей алады. 19 жылға екі пайыз: айына 42 мың теңгеден шығады, сосын келесі жылдары шамамен тоғыз жыл бойы 27 мың теңгеден шығады», — деп есептеді Жайымбетов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.