Полиция департаментінің қызметкерлері Мойынқұм ауданында рейдтік жұмыстар жүргізді

0 0

Мойынқұм ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аудандық полиция бөліміне тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, Тергеу басқармасы, Жедел-криминалистік басқармасының және Тараз қалалық патрульдік-полиция батальонының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде екі күннің ішінде 64 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабының 2-бөлігі бойынша қауіпсіздік белдігі тағылмаған көлік құралын басқару тоғыз бұзушылық, 590-бабының 9-бөлігі бойынша  техникалық байқаудың болмауы  сегіз бұзушылық, 612-бабының 1-бөлігі бойынша тиісті құжатсыз КҚ басқару  алты бұзушылық және т.б. тіркелді. Аудандық полиция бөлімінің аумағына жеті автокөлік қойылды.

Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша марихуаны есірткі затын тасымалдаған азамат ұсталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.