Тараз қалалық «Jas Otan» жастар Қанатының бөлімшесіне төраға тағайындалды

0 19

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар Қанатының бөлімшесінің басшылығына Ерғали Әбуғали тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Ерғали Рүстемұлы Әбуғали 1996 жылы 21 тамызда Жамбыл облысы Талас ауданы  Үшарал ауылында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қазақ филологиясын тәмамдап, қазіргі таңда аталмыш мамандықтың магистратурасында білім алуда.

ТарМУ-ға қарасты «Еркін ойлар алаңы» интеллектуалды пікірсайыс клубының атынан пікірсайысқа қатысып облыстың 15 дүркін, республиканың 5 дүркін чемпионы атанды.

Қазіргі таңда  Ерғали Рүстемұлы жергілікті «Jambyl» телеарнасында «Ой-Лайк» бағдарламасын жүргізіп халық пен билік арасында байланыс орнатуға, халықтың сапалы ақпарат алуына өз үлесін аянбай қосуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.