Құрметті қала тұрғындары!

0 1

Теріске шығару
Құрметті қала тұрғындары!

Әлеуметтік желі беттеріндегі 1,2,3 баласы бар аналарға жәрдемақы тағайындалу үшін құжаттарды әкімшілікке өткізу туралы хабарландыру шындыққа жанаспайды.
Бүгінгі күнге атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы заң жобасы әзірленуде. Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тәсілдемелері жұмыс істей бастайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының орташа табысы жан басына шаққандағы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамдарға немесе отбасыға шартсыз және шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.

Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Ол үшін тұрғындар тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Егер, отбасы ауылдық жерде тұрса – кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді.

Құрметті аналар! Әлеуметтік желі беттеріндегі әртүрлі топтардағы хабарландыруға сеніп, алданбаңыздар!

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.